62 рет оқылды

Дәрігерлер қанттың адам денсаулығына зиянын айтып қақсағалы қашан. Бірақ адамның аты адам емес пе, қантқа құмарлығын қоймай келеді. Өзі жеп, тыңқиып отырса жақсы ғой, бірақ сол тәтті үшін елдің ақшасын жейтіндер де бар екен.

Өскемен қаласында қойма мен дүкендерде жоқ қантты «сатқан» әйел сотталды. 2022 жылдың жазында Өскеменде қант тапшылығы пайда болды. Қала дүкендерінің сөрелерінен қанттың зым-зия боп кеткенін байқаған Х. атты әйел  WhatsApp арқылы «арзан қант сатылады» деп хабарландыру берді.  Қайнатпа жасайтын маусымның қызған кезі, оның үстіне «нарық бағасынан арзан қанттың құнын алдын ала 100 процент төлеген адамдар қарық болады» деген хабарға өскемедіктер араша құжынайды.  Бірақ қантқа ақша аударған адамдар қант тұрмақ, қанттың жұрнағын да таппай, ауыздары топайдай боп қала береді.

Сөйтіп қасқалдақтың қанындай тауардың  көзден бұлбұл ұшқанын өз пайдасына шешпек болған әйел 280 адамның басын айналдырып, 102 миллион теңгесін қалталарынан қағып алады.

Алаяқ «кәсіпкер» ҚР ҚК 190 бабының 4 бөлімінің 2 тармақшасымен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.