61 рет оқылды

Қытайдағы Ганьсу мен Цинхай провинцияларында болған жер асты дүмпуінен  100-ден аса адам қаза тапты.

Ганьсу провинциясында қаза тапқандар саны 105-қа жеті. Цинхай провинциясында 11 адам қайтыс болды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин үйінді астынан адамдарды іздестіру, құтқару және жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырып жатыр. Зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы да аттанды.

Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы 15 градусқа дейін суытқан. Алдағы 10 күнде ауа температурасы күндіз 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -14 градусқа дейін төмендеуі ықтимал дейді.

Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері  10 км тереңдікте болған.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.