Бүгін, 20.12.2023
Тек қана желтоқсан айында агенттік қызметі қолданған шараның нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлынан жалпы мөлшері 120 миллион доллар болатын ақшалай қаржы мемлекетке қайтарылды. Оны ақшаға шаққанда 55,4 миллиард теңдеген асады. Аталған қаржы республикалық бюджеттегі мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыру есеп-шотына аударылды.
Агенттік соңғы екі жылда шетел «ауған» осындай 912 миллиард теңге болатын мүліктік активтер мен ақшалай қаржылардың елге оралуын қамтамасыз етті. Оның ішінде әкімшілік ғимараттар, экслюзивті қымбат заттар, люкс үйлер, жеңіл автокөліктер, акциялар, ақшалай қаржылар, компаниялардығы үлестер бар.
Қ. Сатыбалды 2022 жылы наурыз айында шетелге ұшып кетпек болған жерінен ұсталып, 28 баптың 3 бөлігімен, 189 баптың 4 бөлігі 2 тармағымен, 195 баптың 4 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен бірге, мүлікері де тәркіленіп, 10 жылға дейін мемлекеттік қызметегі және ұлттық компаниялардағы лауазымды қызметтерге тағайындалу, сайлану құқығынан айырылған. Сол тұста дәлелденген айыптың бірі, «Казахелеком»АҚ-на келтірілген 12 миллиард теңгеден астам материалдық залал мен «Транспорт қызметі орталығы» АҚ мүліктерін талан-таражға салу болды.