Денсаулық сақтау министрлігі халықты бетперде тағу арқылы коронавирустан сақтануға шақырып жатыр.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, қаңтарда бұл ауруды жұқтырғандар саны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Яғни желтоқсанда — 187, қаңтарда — 477 адам тіркелген. Олардың көбісі алматылықтар мен астаналықтар.
-26 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы елдегі коронавирус белгілері бар 144 жағдай және КВИ белгілерінсіз 11 жағдай тіркелді. Жаңа деректер Алматыда — 37, Астанада — 21. Десекте еліміздегі барлық облыс «жасыл» аймақта. Үш науқас қана стационарда емделіп жатыр, — дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Жақын арада шектеу шараларын енгізу де жоспарда жоқ екен.
-Алайда соңғы айда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі мен ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылардың эпидемиялық маусымының қаупін ескеріп, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарда, науқаспен қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде тағу ұсынылады, — дейді мамандар.
Сақтық шараға ең алдымен Мәжіліс депутаттары көшіп, заң шығарушылар бетперде тағып алды. Бірақ мәлімет бойынша еліміз «жасыл» аймақта.