14 рет оқылды

Жуалы ауданының Ақсай  ауылдық округіндегі Қайрат ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Жаңадан бой көтерген 150 орындық Мәдениет үйі заманауи технологиямен жабдықталған. Мұнда 7 маман тұрақты жұмыспен  қамтылып, домбыра, би, вокал сынды тағы басқа үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Мәдениет үйінің ашылу салтанатына арнайы келген Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза:
– Бұл мәдениет ошағынан болашақта аттары әлемге әйгілі дарынды тұлғалар тәрбиеленіп шығатынына сенем. Сонымен бірге Мәдениет үйі — халықтың ой-санасын, ұлттық рухын, өнерге деген ынтасы мен ықыласын көтеруге бағытталған іс-шаралардың ордасына айналуы керек, — деп, Қайрат ауылының тұрғындарының қуаныштарын бөлісіп, құтықтау сөзін айтты.

Ақсай ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманжол Дүрәліұлы мен Жуалы ауданының Құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Әбілқасым Ергебеков те жылы лебіздерін білдірді.

Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме директоры Бексапар Үсербаев аудандық Мәдениет үйінің директоры Салтанат Біләнқызына символикалық кілтті табыс етіп, Мәдениет үйінің жаңа шаңырағында аудан өнерпаздырының күшімен алғашқы концерт болды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.