10 рет оқылды

Тұрғындардың тұрмысын жеңілдету ісіне жағдай жасау – мемлекет дамуының басты талаптарының бірі екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін ел өңірлеріндегі тұрмыстық игіліктері жоқ ауылдардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – міндетті меже.

Басқа  өңірлер сияқты қасиетті Жуалы ауданында да тұрғындар санының жыл санап артып келе жатқанын ескерсек, өңір тұрғындарын таза ауызсу жүйесімен, табиғи газ құбырымен, э л е к т р  ж е л і л е р м е н  ж ә н е қанағаттанарлық автомобиль ж о л д а р ы м е н  қ а м т а м а с ы з  е т у   м ә с е л е л е р і н е   о б л ы с  басшылығының тарапынан да көбірек көңіл бөлініп отыр. Өңірдегі қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесін арттыру маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта аудан көлемінде қолға алынған бірқатар жобалар сәтімен жүзеге асырылу үстінде.

Т ұ р м ы с т ы қ  и г і л і к т е р д і ң бірі ретінде инженерлікинфрақұрылымдық жүйелерді жаңғырту, оның ішінде, басты қ а т ы н а с   қ ұ р а л ы   с а н а л а т ы н  автожолдардың сапасын жақсарту жұмыстарын ерекше атап айтуға болады. Оның ішінде, ауылаймақтарды және алыс ауылдарды ауданның орталығымен жалғайтын және ауылішілік көше жолдарын жөндеу жұмыстарының маңызы зор.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында инфрақұрылымдарды дамытумен қатар, автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту туралы маңызды міндет жүктегені белгілі.

«Автокөлік жолдарының жай күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-АтырауАстрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қ а л д ы . 2 , 5 м ы ң ш а қ ы р ы м ғ а созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын» деді Президент.

Б ұ л м а қс а т т а 2 0 2 3 ж ы л ы аудан көлемінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында барлығы – 27,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілгені белгілі. 2024 жылға жалпы ел қазынасынан 1 миллиардтан астам қаржы-қаражат қаралып, 40 жобаның аясында б а р л ы ғ ы – 4 2 , 4 7 ш а қ ы р ы м автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарланған. Қазір өңірдегі жол құрылысы б а ғ ы т ы н д а ғ ы ж ұ м ы с т а рд ы ң түгелге жуығы аяқталып та үлгерді.

Қазіргі таңда өңірдегі маңызды қ а т ы н а с ж о л ы с а н а л а т ы н – «Б.Момышұлы-КөлтоғанҚошқарата-Қызтоған» облыстық мәндегі автомобиль жолының 15 шақырымы орта жөндеуден өту үстінде. Жұмысқа жауапты мердігер мекеме – тараздық «Corporation ABH» ЖШС. Аталған серіктестік аталған автожолдың 15 шақырымынан (Шыңбұлақ ауылының бұрылысынан) бастап аудан аумағын кесіп өтіп жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне қарай орта жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазір аталған автожолдың 8 шақырымына жуығы орта жөндеуден өтіп үлгерді. Жобаның 2025 жылға өтпелі екенін ескерсек, үлкен жолдың бойындағы жөндеу жұмыстары биыл күн суығанға дейін атқарылып, ал қалған бөлігінің құрылысы келер жылы жалғасын таппақ. Жол құрылысына бөлінген қазына қаражатының қомақты екенін ескерсек, жұмыстың сапасына баса мән берудің маңызы өте зор.

Жол құрылысына жауапты мердігер мекеменің учаске бастығы Нұргелді Қойлыбаев жол жөндеу жұмыстары биыл тамыз айының орта тұсында басталып, қазір аталған жол учаскесінде жөндеу және монтаждау жұмыстарының жобаның техникалық талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтады. — Ж о л  қ ұ р ы л ы с ы н д а ешқандай іркіліс болып жатқан ж о қ . Қ ұ р ы л ы с  қ а қ а ж е т т і материалдардың барлығы дерлік серіктестіктің өз зауытында өндірілген сапалы әрі отандық өнімдер. Құрылысқа қажетті шағал тас (щебень), цемент және ыстық асфальт серіктестіктің облыс орталығындағы зауытында өндіріліп, күнделікті осында жеткізілу үстінде.

Жол құрылысына қажетті арнайы техникаларға келсек, құрылыс-монтаж жұмыстары басталғалы бері мұнда жолдың т а б а н ы н  с ы р ы п , т е г і с т е у г е  а р н а л ғ а н  а в т о г р е й д е р , ж о л  қ о п а р у ғ а  а р н а л ғ а н  қ у а т т ы техника, су таситын көліктер, 10, 16, 18 тонналық грунттық катоктар, әмбебап жүктиегіш, дайын асфальтты жолға жайыптөсеуге арналған техника, жол құрылысына қажетті тракторлар және жолдың табанына битум шашуға арналған автогудронатор сияқты қуатты техникалар бар. Бұл өз кезегінде жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Айта кететін болсам, құрылыстың басында кәсіби мамандардан бөлек, жұмысшыларды қоса есептегенде, 20-ға жуық адам еңбектену үстінде.

Ендігі кезекте орта жөндеуден өтіп жатқан жол құрылысының сапасы туралы да айта кеткен жөн. Төселіп жатқан асфальт ж а б ы н ы н ы ң  е н і – 7 м е т рд і құраса, жабынның қалыңдығы 6 сантиметрді құрауда. Мұның барлығы жобалық -сметалық қ ұ ж а т т а  к ө з д е л г е н  н е г і з г і техникалық талаптардың бірі. Біздің одан ауытқуға еш қақымыз жоқ. ЖСҚ-да жолдың ені 6 метр деп көрсетілсе, біз оны тағы да бір метрге үлкейтіп салып жатырмыз. Ең бастысы – жол құрылысының сапасына мән берудеміз,- дейді бізді жол құрылысының барысымен таныстырған учаске бастығы Нұргелді Ермаханұлы.

Жол жөндеу құрылысы жоғары сапаны талап ететіні сөзсіз. Бұл ретте аудан аумағындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының құрылысына жауапты серіктестіктің атқарған жұмысына «пәлен-түген» деп баға беруден аулақпыз. Жол құрылысының сапасын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» тексеретінін жақсы білеміз. Ұлттық орталық қызметінің мақсаты – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіпұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау екенін де сөз реті келгенде айта кеткен жөн. Орталықтың жұмысы жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде, жергілікті жолдарды тұтас қамтиды.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.