3 рет оқылды

ҚР Қорғаныс министрлігі 2025 жылы әшекейлі кәдесый (сувенир) алуға 262 миллион теңгені желге ұшырыпты.

Соның біреуін ғана айтайық.

Мысалы, биылғы жылдың 7 наурызында жасалған алғашқы келісімінің бағасы 28 084 000 теңге болған. Тапсырыс беруші 65235 әскери бөлімшесі, ал жеткізіп беруші «EMPIRE Ltd KAZAKHSTAN» ЖШС-ы.

Тендер ашық конкурс бойынша өтпеген. Тікелей келісім-шарт жасасу арқы бір көзден қаржыландырылған. Сатып алған заты… картина. Онда ертедегі қолбасының бейнесі салынған. Swarovski кристалдары пайдаланылыпты. Сосын… «Таңдап ал да рахаттан» деген жазу жазылыпты. Осы суреттің 638 данасын сатып алған ғой министрлік бөлімшелері!!! Ойбай-ау мның бәрін не ғылады сонда?

Айта берсек, әшекейлі кәдесыйлар тізімі осылай жалғаса береді. Бір дрон болса да қаруланатын алмағайып заманда, қыз-келіншектер сияқты кәдесыйларға ақша жұмсауға әуес Қорғаныс минстрлігіне не дейміз енді. Мемлекеттің қаржысы желге шашу деген осы шығар, сірә.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру