«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2020 жылдан бері алғаш рет жеке қаржылық есептілік бойынша 2024 жылды 183 млн. теңге пайдамен аяқтады
Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағын құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 млрд. теңгеге артып, 48 млрд. теңгеден 61 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
2024–2025 жылдар аралығында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өңірдің негізгі салаларын қолдауға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырды.
Жамбыл облысында шағын өнеркәсіптік аймақтар құру мақсатында 2024 жылы «Тараз» ӘКК» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен 4,56 млрд теңге сомасында қарыз шартына қол қойды. 2024 жылғы тамыз айында жалпы құны 4,56 млрд теңгені құрайтын үш инвестициялық жоба қаржыландырылды. Нысандарды пайдалануға беру 2025 жылдың 2–3 тоқсанына жоспарланған. Аталған жобалар аясында «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы ауданы 40 000 шаршы метрді құрайтын өндірістік алаңдар салынуда.
Аталған алаңдарда шыңдалған шыны, ауыл шаруашылығы техникалары, тамшылатып суару жүйелері, қағаз шығару, мототехника жинау және басқа да инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.