«Тараз» ӘКК» АҚ ағымдағы жылы қоғам тарапынан келесі жобаларды бірлесіп іске асыруға шарттар жасады. Олар:
Сервис орталығын құру және дамыту.
Орталық агроөндіріс субъектілеріне сапалы әрі қолжетімді қызметтер көрсетуді көздейді. Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету бойынша логистикалық шығындарды 10–15%-ға дейін қысқартуға, өңірлік техника паркінің 38%-ын қамтуға (жылына 300–500 өтінімге дейін), білікті жұмыс орындарын құруға және техникалық сервисті жергілікті жерде ұйымдастыру арқылы импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Автогаз құю компрессорлық станциясы (АГҚКС).
Бұл жоба сығылған метанмен жүретін автокөліктерді үздіксіз жанармаймен қамтамасыз етуге арналған. Станция екі компрессормен, газ кептіру қондырғысымен, аккумуляторлармен, басқару жүйесімен және әрқайсысы екі құю пистолетімен жабдықталған алты жанармай құю колонкасымен жабдықталады. Бұл бір мезгілде 12 көлікке дейін және тәулігіне 200 автобусқа дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Құрылыстың жалпы ауданы – 0,6 га. Жұмыс режимі – тәулік бойы.
Жаңатас қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізу.
Жоба ғимараттың пайдалану мерзімін ұзартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, энергетикалық тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Оның іске асырылуы тұрғын үй жағдайларын едәуір жақсартып, пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
Аталған жобаларды іске асыру өңірдің өнеркәсіптік даму, сервистік қызмет көрсету, энергиямен қамтамасыз ету және жайлы қалалық орта салаларындағы басым міндеттерін шешуге жол ашады.
2024 жылғы мамыр айында «Тараз» ӘКК» АҚ базасында өңірге инвестиция тарту мақсатында «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Zhambyl Invest отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Zhambyl Invest-тың негізгі міндеттерінің бірі – Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Zhambyl Invest құрылғалы бері 300-ден астам кездесу мен консультация өткізіліп, инвесторлармен 25 меморандум мен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Сондай-ақ, бауырластық қатынастар (ҚХР қалалары мен аудандарымен Жамбыл облысының қалалары арасында) орнатылды. Сонымен қатар, 30-дан астам тауашалық және 20-дан астам инвестициялық жобаларға арналған тизерлер әзірленді.
Шетелдермен ынтымақтастықты нығайту және инвестиция тарту мақсатында жұмыс барысында 5 басым бағыт таңдалды. Бұл – Түркия Республикасы, ҚХР, Еуроодақ елдері, Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
Zhambyl Invest жергілікті өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, олардың өнімдерін шетел нарығына шығару үшін жағдай жасауда. Бүгінгі күні жергілікті тауар өндіруші Ресей Федерациясына ет өнімдерін жеткізу бойынша үш экспорттық келісімшартқа қол қойған.
Облыс басшылығы мен кәсіпкерлерін қамтитын делегациялардың шетелдерге сапарларын ұйымдастырады. Халықаралық инвестициялық форумдарға белсенді қатысып, Жамбыл облысын Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі, Орталық Азия инвестициялық форумы және басқа да ірі бизнес алаңдарында таныстырады.
Инвестицияларды тиімді тарту мақсатында негізгі мемлекеттік және ұлттық құрылымдармен ( «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Қазақстанның Экспорттық-Кредиттік Агенттігі (KazakhExport)» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б.), тығыз ынтымақтастық орнатып, инвестициялық қызметті үйлестіруді және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдауды қамтамасыз етеді.