14 рет оқылды

Қордай ауданында бұған дейін «Виста-Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы 21 мегаватты құрайтын, құны 6 миллиард 362 миллион теңгенің жобасы іске қосылса, енді «Ветро Инвест» жауапкершілігі шектеулі серікте стігі қуаттылығы 53,75 мегаваттық, құны 12 миллиард 8 миллион теңгенің жобасын қолға алды.

Бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бүгінде мұнда Германияда жасалған 40 энергетикалық қондырғы орнатылған. Бұл 50 миллион киловатт сағатқа дейін электр қуатын өндіруге болады. Әрқайсысының салмағы 180 тонна.

Салыстырмалы түрде айтқанда, 150 мыңға жуық халқы бар Қордай ауданын электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Өңірде пайдалануға берілген «Отар» стансасының орны ерекше. Құрылысының құны 200 миллион теңгені құраған күн электр стансасының қуаттылығы 504 киловатт болды. Жалпы бүгінде «Отар» күн электр стансасының белгіленген қуаттылығы – 7 мегаватт. Бұл жоба «ҚазЭкоВатт» ЖШС жекеменшік инвестиция қаржысы есебінен бой көтерді.

Сонымен қатар ол ортақ электр желілеріне қосылған және Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне электр қуатын бере алады. Ал Жуалы ауданындағы «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн электр стансасы Орталық Азиядағы ең ірі нысан болып табылады. Сарапшылардың зерттеулері дарқан даламыздың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 6 метрден асатынын дәлелдеді. Ал күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына сағатына 2,5 миллиард киловатт деп белгіленген. Әсіресе елдің оңтүстігі күннің қызуынан қуат өндіруге таптырмас өңір болып бағаланып отыр.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру