7 рет оқылды

Жамбыл облысында өтіп жатқан «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыру мақсатында күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Басты назар жол ережесін бұзатын жүргізушілерге аударылуда.

Мәселен, Тараз қаласында №32 бағытта жолаушылар тасымалдайтын «Yutong» маркалы автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол беру талабын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жыл басынан бері дәл осындай бұзушылық үшін 1311 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де жолды тек арнайы өткелдер арқылы өтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Себебі, ағымдағы жылы тек жаяу жүргіншілердің қатысуымен 499 жол-көлік оқиғасы орын алған. Онда 44 адам қаза тауып, 495 адам жарақат алды.

Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды өзара сыйластық пен сақтыққа, сондай-ақ жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл — ең қымбат құндылық, адам өмірін сақтау үшін қажет.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру