Түркістан облысында жеті минуттық тарихи ролик түсіруге
жүз миллион теңге бөлінген.
Kursiv.media сайтының ақпараты бойынша, бейнероликті жасауға
«Ұлы Дала Елі орталығы» мекемесі «G7 Exclusive» ЖШС-ға тапсырыс берген.
Ол бейнематериал арнайы голографиялық шоу-залда көрсетілетін болған.
Ал «G7 Exclusive» ЖШС-ы келісім-шартқа сәйкес, бейнероликті 2025 жылдың
аяғына дейін бітіруі керек екен.
Бірақ жеті минуттық бейнероликке жүз миллион теңге төлемек болған
келісім шарт туралы жария болып кеткен соң облыс әкімдігі осы жайға
байланысты хабарлама беріп, онда әкімнің келісім-шартты тексеруге
тапсырма бергені айтылады.
-Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған шарттың қалай жасалғанын
жан-жақты тексеруді, оның заңды таоаптарының сақталуын және бюджет
қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуді тапсырды,
– делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Мәдениет басқармасы болса бейнероликте Қазақ елі тарихын ежелгі
дәуірден бүгінгі күнге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсетуі
тиіс болғанын айтуда.


