Молдова үкіметі елдің ТМД-дан (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан) шығуы туралы құжаттарды бекітті. Енді бұл шешімді Парламент мақұлдауы керек.
Молдованың Сыртқы істер министрлігі бұл процедура «Ресей Федерациясының қауымдастықтың негізгі құндылықтары мен қағидаларын сақтамауына байланысты» басталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, бұл шешім мемлекетке бюджеттен жүздеген мың еуроны үнемдеуге мүмкіндік береді деп отыр.


