«Тараз» индустриялық аймағында «Jeti Bulaq» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Битум эмульциясын өндіру» жобасы 2023 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын өңірдің жол құрылысы саласына қажетті өнім шығарып, өңір өнеркәсібіің дамуына үлес қосуда.
Жылдық өндірістік қуаты – 9 600 шаршы метр өнімнен асады. Он бес жұмысшы бар шағын ұжым үлкен жұмыс жасап отыр.
Айа кету керек, «Тараз» индустриялық аймағы өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру мен дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға және инновациялық сасясатты іске асыруға жәрдемдесу мақсатына бағытталған.
Осындай өндірістік жобалар инвестициялық тартымдылығын арттырып, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ете бастады.
«Jeti Bulaq» ЖШС «Тараз» индустриялық аймағындағы бұл жобасын «Тараз» ӘКК» АҚ қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр.


