Педагог-ұйымдастырушы Павел Таланкин мен режиссер Дэвид Боренштейннің «Ешкім емес мырза Путинге қарсы» ((Mr. Nobody against Putin) атты Ресей мектебіндегі әскери насихаттар туралы баяндайтын деректі фильмі «Ең үздік деректі фильмі» аталымы бойынша Америкалық киноакадемия тарапынан 2026 жылғы Оскар сыйлығымен марапатталды.
Боренштейн бұл фильмді «Елді қалай жоғалтып алуға болатыны туралы фильм» деп атады.
-Біз осы кадрлармен жұмыс істеген кезде, соғысты ұсақ-түйек болса да өте көп қолдау әрекеттері арқылы бүтін бір елді жоғалтып алуға болатынын байқадық. Бірақ, бақытымызға қарай, “Ешкім емес”, тіпті, сіз ойлағаннан әлдеқайда күшті болуы мүмкін, – деді ол.
Таланкин болса, сахнадан сөйлеген кезінде «Әлемдегі барлық соғыстарды тоқтатуға» шақырды.
-Төрт жыл бойы біз жұлдызды аспанға қарап, ең маңызды деген тілегімізді тілеп келеміз. Ең маңызы деген тілегімізді! Бірақ кейбір елдерде жұлдыздардың орнына, аспаннан бомбалар түсіп, дрондар ұшып жүр. Біз болашағымыз үшін, барлық балаларымыздың болашағы үшін, қане, барлық соғыс атаулыны тоқтатайық. Дәл қазір», – деді ол.
Деректі фильмнің негізіне Челябі облысынағы Қарабаш қаласындағы №1 мектептің педагог-ұйымдастырушысы Таланкин түсірген бейнежазбалар алынған. Ол бұл бейнежазбаларды Ресейдің Украинаға қарсы жан-жақты дайындықпен бастаған соғысынан кейін, 2022 жылдың ақпанынан бастап түсіре бастаған.
Таланкиннің міндетіне мектептегі түрлі іс-шараларды — саптық жиындарды, байқауларды және ашық сабақтарды түсіру кірген. 2024 жылдың жазында ол екі жыл бойы түсірген бейнематериалдарын алып Ресейден кетіп қалған. Кейін фильмді америкалық режиссер Боренштейнмен бірге монтаждап, осы деректі фильмды жасап шығарған.
Фильмнің тұсаукесрі 2025 жылдың 25 қаңтарында АҚШ-тағы «Сандэнс» тәуелсіз кинофестивальінде өтті. Сол жерде ол қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Фильм 22 ақпанда Британ киноакадемиясының кино және телевизиялық өнер (British Academy of Film and Television Arts) байқауы өткізген 79-шы марапаттау рәсімінде (Лондон қаласы) «Ең үздік деректі фильм» ретінде тағы да марапатталды.
«Неміс толқынына» берген сұхбатында Таланкин 24 ақпандағы шок туралы, білім министрлігінен келген нұсқаулар жайлы және төрт жыл ішінде Ресей мектептеріндегі ахуал қалай өзгергенін айтып берген.
Марапаттау рәсімі Лос Анджелес қаласында (Калифорния штаты) кеше, 15 наурыз күні өтті.
Кейбір ақпарат құралдары №1 мектептің педагог-ұйымдастырушысы әрі тұрғыны П. Таланкин туралы «Ол бейнежазбаларды құпия түсірген және оқушылардың ата-аналары бұған жағаларын ұстап отыр. Таланкин Оралды тастап кеткенімен, оның туған-туыстары елде қалды. Мынандай «жарнама» үшін оның отбасына қастандық жасалауы мүмкін» деп жазуда.


