15 рет оқылды

ҚР Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов азамат Санжар Боқаевтың не үшін ұсталғанын  сенатта өткен брифингте айтып берді. 

Ол берген мәлімет бойынша, Санжар Боқаев алаяқтық жолымен аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Оған қатысты екі бап бойынша іс жүргізіліп жатыр: біріншісі, ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша — «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық»; екінші, ҚК 340-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша — «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуі, жоюы немесе зақымдауы».

Тергеу нәтижесі бойынша, С. Боқаев ағаштарды кесуді өзі ұйымдастырып, оны видеоға түсіріп, теріс пікір қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерде таратқан. Ол бұл қылмысқа сыйақы ұсынып, тұрмысы төмен адамдарды тартқан. Сондай-ақ, С. Боқаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке де ілініп отыр.

-Бүгінде осы іс бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Алаяқтық бабы оның ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде болған, — дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Азамат Санжар Боқаев 2015-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Ол 31 наурызда екі айға қамауға алынды.

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру