Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан да шығып қалыпты.
Қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жарияланған ақпарат осылай дейді. Ондағы ақпаратқа сенсек, қор акционері Е. Досаевты директорлар кеңесінен шығару туралы шешім қабылдаған. Ол шешім биылғы 25 наурызда шығыпты.
Қазір «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олар: Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Перезидент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевты осы күні қызметінен босатқан.
Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалды. Ол оған дейін Алматы қаласының әкімі болатын.


