6 рет оқылды

 

 

2027 жылдан бастап Қазақстандағы жекеменшік балабақшалар міндетті түрде лицензиялаудан өтеді. Бұл жеке иеліктегі балабақшаларға деген сенімсіздік емес пе? Оларды  болашақта қандай тағдыр күтіп тұр?

Оқу-ағарту министрлігі осыған байланысты түсініктеме беріпті. Алдымен…

Қазақстанда қанша жекеменшік балабақша бар?

Қазіргі уақытта елімізде 11 909 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 6 526-сы жекеменшік. Олардың көбісі заман талабына сай.

-Жекеменшік балабақшалардың 96 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысына қатыса алады. Бұл олардың белгіленген талаптарға сай келетінін көрсетеді, — деп хабарлайды министрлік.

Ал лицензиялау талаптары бұрыннан қолданылып келе жатқан  нормалар негізінде әзірленген екен.

Күтпеген жерден келген тексеру әлек салмай ма?

 2027 жылдан бастап барлық балабақшалар, меншік түріне қарамастан, лицензиялаудан өтеді. Бұл талаптар ғимараттарға, педагогикалық құрамға, білім беру бағдарламаларына, материалдық-техникалық базаға және инфрақұрылымға қатысты болады.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап балаларға тамақтану, тұру, білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарға кенеттен тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енгені белгілі болды.

Жекеменшік балабақшалар жабылып қалмай ма?

Министрлік жекеменшік балабақшалардың жаппай жабылатыны туралы сөздерді шындыққа жанаспайды деп отыр.

-Жекеменшік балабақшалардың 96 пайызы талаптарға сәйкес болғандықтан, олардың тең жартысы жабылып қалады деген сөздер статистикалық деректер тұрғысынан шындыққа жанаспайды, — дейді министрлік.

Ал талаптарға сәйкес келмейтін кейбір балабқашлар үшін жабылу қаупі болуы мүмкін екен.

Лицензиялау қалай өтеді?

Лицензиялау кезең-кезеңімен, ұйымдардың дайындығына қарай жүргізіледі.

Балабақшалар санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы, антитеррорлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасауы, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық база мен кадрлық қамтамасыз етуі тиіс.

Егер жекеменшік балабақша жабылса, ондағы балалар қайда барады?

Министрлік бұл мәселені «жергілікті әкімдіктердің құзыретіне жатады» деп сілтей сапты.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру