Ағымдағы жылдың 16 мамырында Тараз қаласындағы Ы. Сүлейменов атынағы көшенің 15 «В» мекенжайына орналасқан алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдерімен қатар, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері де сатылымға шығарылды.
«Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан 2 тонна картоп және 1 тонна сәбіз сатылды. Жәрмеңкедегі әлууметтік тұрақтандыру қоры тауарларының бағасы нарық бағасынан төмен болды. Атап айтқанда, картоп 130 теңгеден, сәбіз 95 теңгеден сатылды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге әлеуметтік дүкендер желісінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ұсынылды. Атап айтқанда, ұн, нан, рожки, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, сүт, айран, сары май, жұмыртқа, тұз және сүзбе нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылымға шығарылды.
Жәрмеңке халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыруға және бағаны тұрақтандыруға бағытталған.
«Тараз» ӘК» АҚ
баспасөз қызметі.


