Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік бойынша А.Б. Жексенғалиев пен Е. К. Медетбековке іздеу жариялады.
Агенттіктің хабарлауынша, кәсіпкер А. Б. Жексенғалиев бір топ сыбайластарымен алдын ала келісу арқылы 1,1 миллиард теңгені қалталарына басты деген күдікке ілінген.
Сондай-ақ ҚР азаматы Е. К. Медетбековке де іздеу жарияланған.
Агенттік қызметкерлері күдікке ілініп, іздеу жарияланғандардың қайда жүргендерін көрген-білгендер болса +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік к, 10 мекен-жайына хабарлауды сұрайды.
Іздеу жарияланған күдіктілер жайлы дұрыс мәлімет берген адамдар ақшалай сыйлықпен марапатталады дейді агенттік.