Ұлыбритания Ресейге қатысты санкциялар тізіміне 42 жаңа пункт қосты. Британия үкіметінің сайтындағы құжатқа сәйкес, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарының губернаторлары санкция тізіміне тап болған.Олар: Волгоград обласының губернаторы Андрей Бочаров; Саратов обласының губернаторы міндетін уақытша атқарушы Роман Бусаргин; Оренбург обласының губернаторы Денис Паслер; Челябі обласының губернаторы Алексей Текслер; Тюмен обласының губернаторы Александр Моор; Самар обласының губернаторы Дмитрий Азаров; Новосібір облысының губернаторы Андрей Травников; Алтай аймағының губернаторы Виктор Томенко.Бұдан басқа Ресейдің Украина елімен шекаралас аймақтары да санкцияға тап болды.