Naizager
08.06.2025.
Қазақстан мен Ұлыбритания 2025–2026 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды.
Екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайтын келісімге Қазақстан Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы, полковник Ербол Құмарбекұлы бастаған ресми делегацияның Лондонға сапары кезінде қол қойылды.
Екі мемлекет кездесуде екіжақты әскери әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен болашақ бағытын мұқият талқылап, оның ішінде бітімгерлік миссиялар, тілдік дайындық және Қазақстан әскері сардарларының құрамын Ұлыбританияның беделді әскери оқу орындарында даярлау мәселеcіне ерекше көңіл бөлінген.
Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспары бекітілді.
Мамандар ағылшындармен әскери саладағы әріптестікті елдің қорғаныс әлеуетін арттыру мен НАТО стандартына бет бұрудың қадамы деп санайды.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы жан-жақты достық қарым-қатынасы қорғаныс саласында да көрініс тауып отыр. Мысалы, Ұлыбританиямен тығыз әскери әріптестік — еліміздің әскери кадрларын халықаралық стандарт негізінде сапалы даярлауға зор мүмкіндік береді.