-Сатып алынған заттардың көлемі мемлекеттік сатып алу көлемінен екі есе көп, Бірақ оған ешкім мән беріп отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық әлі күнге дейін көлеңкеде қалып келеді. Біз осы мәселемен квазисекторға барғанымызда, олар құжаттарды көрсетпей, «біз квазимемлекеттік сектормыз» деп шықты. Ал Антикоршылар «бұл мәселемен «Самрұқ Қазына» айналысады, соған барыңдар» дейді. Олай болса, мемлекеттік аудит квазимемлекеттік компанияларды неге бақылауға алмайды? — дейді «Әділет жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.
Ел ортақ, жер ортақ, мемлекттің қаржысы да халықтың ортақ байлығы. Ендеше оның жұмсалуын қатаң бақылуға алып, көзді ала бере «жеу», «жымқыру» деректері табылса, неге Антикор оны тескеруден бас тартады? ҚТЖ неге қоғамдық тексерушілерден қашады? Мемлекттік аудит неге ұйықтап отыр?
«Менің территориям емес» деген самарқаулыққа салынған жерде, сыбайлас жемқорлыққа ешқашан тосқауыл қойылмайды.