Бүгінде құрылыс алаңында су құбырларын тарту, жаңа су желілерін орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ол бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылып, алдағы уақытта ауылдың барлық көшелерін қамтитын болады. Сөйтіп жоба нәтижесінде Күреңбел тұрғындары таза ауызсумен түгел қамтылады.
Жергілікті халық бұл қамқорлыққа қуанып, ауылдың да өркениет көшіне ілескені деп қабылдап отыр. Өйткені тұщы су – ең алдымен адамдардың денсаулығы үшін аса пайдалы.
Бүгінде облыста 371 елді мекен бар. Соның 97% сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл дерек облыс тұрғындарын таза тұщы сумен қамту – жергілікті биліктің басты мақсаты мен басымдық берген бағыттарының бірі екенін көрсетеді. Ауыл адамдарының өмірін жақсартуға бағытталған бұл маңызды жоба – тұрғындарды таза ауызсумен үздіксіз қамту мақсатындағы игілікті бастама.
Биылғы жылдың соңына дейін облыстағы ауыл тұрғындары 100 пайыз (%) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген жоспар ақиқатқа айналады деп сенейік.