Когресс демократы Шри Танедар өзінің әлеуметтік желісінде АҚШ президенті Дональд ТРАМПқа импичмент жариялау жөнінде ұсыныс жасағанын хабарлады.
Сондай-ақ, ол арнайы сайтта өз ұсынысы туралы бұдан да толық ақпарат берді. Ол мақаласында «билікті асыра пайдалану», «Конституцияны өрескел бұзу» және «американдық демократия мен заң үстемдігіне қарсы тирандық актілермен қауіп төндіруде. Дональд Трамп президент лауазымына сай емес екенін бірнеше рет көрсетті және біздің еліміздің Конституциясы мен демократиясына нақты қауіп төдіруде» деп жазды.