
Жамбыл облысында «Дәстүрді дәріптейік» акциясы аясында тағы төрт жоба өтеді, — дегенді оқығанбыз осыдан біраз жыл бұрын, Уақыт өтсе де, есте қалыпты. «Үнем — қоғам қуаты», «Дәстүр және ғұрып», «Еңбек — елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет» деген аттары да ұнаған.
Жоба авторларының айтуынша, «Үнем — қоғам қуаты» аясында ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу көзделген.

Ал «Дәстүр және ғұрып» жобасының мақсаты — көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу», — деген еді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, «Еңбек — елдің мұраты» жобасы аясында қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын насихаттау қарастырылған, дейді олар.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, «Құқықтық мәдениет» жобасының мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру екен.
«Дәстүрді дәріптейік!» іс-шарасы «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында іске асырылды. Мақсаты — жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, тұрғындар арасында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғырту. Көрнекі ақпарат құралдарының мазмұны: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ұлттық тағам-түрлері, салт-дәстүрлер сияқты 4 тақырыпты қамтиды. Яғни, 1 автобусқа 4 постер ілінді. Айта кетерлігі, постерлардың мазмұны келесі автобустарда қайталанбайды. Сондай-ақ, Бүгінде Тараз қаласында 42 бағытта 200-ден аса қоғамдық көлік қатынайды. Постерлер Тараз қаласындағы және Жамбыл облысының 10 ауданындағы қоғамдық көліктердің барлығына ілінеді».
Қазір осы жоба бар ма? Әлде ескі билікпен, ескі автобустармен бірге кетті ме?

