Ural Motorcycles компаниясының ( Ресейдің «Урал» мотоцикілін шығаратын баяғы зауытын айтады) бас директоры Илья Хаит YouTube арнасына берген сұхбатында:
— «Урал» мотоциклі өндірісін Қазақстанның Петропавл қаласына көшіреміз, — депті.
Бас директор Илья Хаит бұл сөзді қандай келісім-шартқа сүйеніп айтып отыр? Бұл жоба Қазақстан Үкіметімен алдын ала келісілді ме? Әлде өздерінің жеке ойлары ма? Бұл сауалдар туралы осы ақпаратты таратқан Lenta ештеңе демепті.
Өндіріс орнын ауыстыру Ресей мемлекетіне қарсы салынған санкциялар салдарына байланысты қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі мен Ресей техникаларын шет елдерге шығаруға салынған тиымнан болып отыр.
Бұған дейін «Урал» мотоциклдерін көбінесе батыс елдері, оның ішінде АҚШ сатып алып келген екен.