Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп өзгертуге байланысты Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы жөніндегі Заңының 9 бабына сәйкес Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгертілсін» делінген ол құжатта.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілгенін қалайтын көпшілік болса, қолдайтынын айтқан. Ал 24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының мәжілісі өтіп, онда депутаттар Қапшағай қаласының атын Дінмұхамед Қонаевтің құрметіне байланысты өзгерту туралы жұртшылық ұсынысын қолдады. Одан кейін Үкімет жанындағы комиссия Қапшағайдың атын өзгерту туралы бұл шешімді жөн деп тапты.