Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының төрінен «Бақытты болашақ» деген атпен Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сарайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов келіп, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың қаныштарын бөлісті.
Әсем ғимарат заман талабына сай безендіріліп, жабдықталған. Онда 81 үйірме топтары жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ робототехника, 3D модельдеу, Legoland, Co-Working сынды кабинеттер бар. Тіпті, обсерватория және планетарий залдары қарастырылған.
Көсемәлі Сәттібайұлы, naizagtr.kz