Мәдениет және спорт министрлігінің экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен екі айға тұтқындалды.
Арыстанбек «асады» деген 146 миллион теңге «Алтын адамның әлем музейлері бойынша шеруі» деген халықаралық көрмені өткізуге бөлінген қаржы болып шықты. Ол осы іс-шараны өткізу үшін мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген 1,2 миллиард соманың сегізден бір бөлігі ғана екен. Егер Арыстанбек ұсталмаса анау 1,2 миллиард теңге де ұшты-күйлі жоқ боп, Мұхамедиұлының қалтасынан бір-ақ шығар ма еді, кім білсін деп қорқасың. Әдетте музейді елестер, әруақтар торуылдап жүруші еді, енді ұрылар жайлайтын болған ба, не боп кетті өзі?
Айтпақшы, аты Арыстанбек болғанмен қулығы қырық ескке жүк болатындай «өнер» иесі сияқты. Әйтпесе, «Рахат Әлиев тұтқындалды, басына қара бұлт үйірілді» деп өзінің Әлиев деген фамилиясынан ат тонын ала қаша ма? Сөйткен де Мұхамедиұлы боп шыға келген.
Міне, алғашында баспасөз хатшысы «ойбай, өтірік» деген ақпарат осылайша расқа айналып, Арыстанбек мырза тергуде жатыр.