Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы және Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы 8 маусым күні Нұр Сұлтан қаласындағы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлап, оларды күзетпен ұстау шарасының мерзімі бір айға ұзартылғанын айтты. Қайрат Боранбаев биыл 17 наурызда тұқындалып, оған квазимемлекеттік салада аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған болатын. Ал 13 наурызда Қайрата Сатыбалдыұлының Алматы әуежайында Дубайға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталғаны жөнінде ақпарат тарап, ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және «Казтелеком» АҚ ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды болса басқаның бизнесін рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша ұсталған.
Мәсімовті қамауда ұстау да созылып кетті. Сатыбалдыұлын тергеу де ұзарып жатыр. Арты не болар екен мұның? «Тергеп-тергеп, түк таппадық» деп бостандыққа шығарып жібермесе болды да бір күні.