Тараз қаласының тар көшелерінің бірінде уақыт шаңқай түс екеніне қарамастан бай әйелге бірнеше қарақшы тап берді. Сөйтіп машинелеріне күштеп кіргізіп, белгісіз бағытқа ала жөнелді. Жол-жөнекей әйел қарсылық көрсетіп еді, таяқ жеді.-Мені бір үйге әкелді де қолыма кісен салып, аяғымды скотчпен матап тастады. Алғашқы екі күн бойы сол үйде ұстады, одан кейін басқа үйге жеткізді. Үш күн бойы басыма қара қалпақ кигізіп, қолыма кісен салып, аяғымды скточпен байлап тастаған күйі ұстады. Мен «Не болды? Мені неге бұл жерде ұстап отырсыңдар?» деп сұрасам «Сен байсың, «барыгасың», біз сені ұстауға Алматыдан келдік, әйтпесе сенің осында «крышаларың» бар» дейді қолды болған Светлана Ильичевна-Мосунова.Бірақ үш күннен кейін әйелді босатып жіберген.
Жамбыл облысында соңғы 10 жылда мұндай қылмыс болмапты. Полиция органдарымен қылмыс жедел түрде ашылды. Іске қатысты барлық фигуранттар ұсталды. Олар әйелді ұрлап, 100 миллион теңге талап еткен екен.
Дереккөз: Naizager.kz