Астана қаласында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шықты.-Сатыбалдыұлы ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қайрат Сатыбалдыұлына тиісті мүліктер тәркіленіп, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — деді үкімді оқыған Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов. Ол сондай-ақ:
-Сатыбалдыұлын ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры шенінен, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізілсін, — деді.
Судья жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуді тағайындау туралы шешім қабылдады.