Алматыдағы «Барыс-4» базары мемлекет меншігіне қайтарылды.
-Уәкілетті органның өкілі нысанды жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге зиян келтіріле отырып, төмендетілген құн бойынша жүргізілгенін мойындады. Нақты айтқанда, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын бұзу, яғни мемлекеттік мүлікті сатып алушыға нысанның құнын төмендетуге байланысты көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар берілген. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған баға бойынша сату фактілері де расталды. Соған байланысты «Найза-БН» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды, – делінген сот мәліметінде.
Базар капиталының үлесі оның тиісті құнынан 5 есе төмен бағаға сатылған, яғни нысанның нарықтық құны 1,5 миллиард теңгеге болғанына қарамастан, небәрі 307 миллион теңгеге саудаланған.
Алматы прокурорлары осы жазда базарды сатып алушының атына мәмілені бұзу және нысанды мемлекетке қайтару туралы талап-арыз берген болатын.
Мұның бәрінің анықталғаны жақсы ғой. Бірақ сот біткен соң осы іске қатысы бар адамдардың аты-жөнін неге ашып жазбаған? ҰҚК экс-төрағасы Мәсімовтің сатқындығынан бастап аты-жөндері айтылып жатқан кезде соттың мұнысы несі? Сотымыз демократиясы дамыған елдерге қарап бой түзесе, «Найза-БН» ЖШС-і» дегенді арзанға сатып алаған адамды жұртқа айтпай ма?
Сөздің тоқетері, мемлекет мүлкін сыбайластықпен жекешеліндіріп алған «геройдың» атын халық білуге тиіс.