Қырғызстанда бұрынғы президент Асқар Ақаевқа қарсы қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық-құқықтық қызметтестік басқармасының басшысы Асылбек Акматов хабарлады.Бұған дейін А. Ақаевқа «Құмтөр» кен орнына байланысты 1992 жылы «Камеко» компаниясымен жасалған келісім-шартқа қол қою барысында билігі мен қызмет бабын асыра пайдаланды деп айып тағылған болатын.
-Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыттың мерзімі өтіп кеткеніне байланысты Асқар Ақавқа қарсы қылмыстық қудалау тоқтатылды, — дейді Асылбек Акматов.
Бүгінде А. Ақаев Ломоносов атындағы ММУ қызмет етеді.