Денсаулық сақтау жүйесі — қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Дені сау ұлт — мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар көптеп бой көтеруде.
Жақында Жуалы ауданындағы Қызыларық ауылдық округіне қарасты Сұрым ауылынан медициналық пункт ашылды. Қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысаны заман талабы ескеріле отырып соғылған.
Аталған нысан ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін арнайы құрал-жабдықтармен, тиісті медициналық аспаптармен толық қамтылған. Бөлмелері кең, жылы, әрі жарық. Ең бастысы ауырып ем іздеп келген жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған.