68 рет оқылды

Жедел ұстау өкілдері Меркі ауданындағы шаруа қожалығының аумағынан 40 000 рет пайдалануға болатын мөлшердегі марихуана иесін ұстап, оның тірнектеп жинаған «байлығын» тәркіледі.
Есірткіге құмар азамат 47 жаста. Меркі ауданындағы шаруа қожалығында малшы болып еңбек етіп келген. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасора өсетін жерді тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтынбақ болған.
Тәркіленген «байлықтың» көбісін мал фермасындағы сарайға 3 полиэтилен пакетке орап, жасырып қойыпты. Сол жерден есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке де табылды. Күдікті марихуананы қыста өзім шегу үшін жинап, дайындадым дейді. Тінту барысында күдіктінің күртешесінің қалтасынан марихуана орамасы да табылды.
— Полицейлер барлығы 40 келі 240 гр кептірілген марихуана есірткісін тәркіледі. Ұсталған адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Павлодар облысының тумасы болып шықты. Ол өзінің заңға қайшы әрекетін мойындады. Қазіргі уақытта ол қамауда, — дейді Жамбыл облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.