58 рет оқылды

 

 

Астана қаласының тұрғыны адам шошырлық жағдайды бастан кешті.  Оның он бір жасар қызының ауыз қуысына шаш өскен. Иә, кәдімгі шаш, адамның басында, қасында, кірпігінде болатын тікірейген қылтықтар.

Ақмарал Шалабаеваға қызы 14 наурыз күні «тамағым ауырып тұр» дейді. Ол, әрине, қызымның тамағы өскен шығар деп ойлайды. Бірақ қызының аузын ашып, тамағын көрген кезде шошып кетеді.

-Жоқ, ол ауызға абайсызда түсіп кеткен шаш емес. Ол тура тмамақ қуысының бадамша бездерінің тұсында әр жерден қылитып өстіп тұрған шаштың өзі еді. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым. Олар да тамаққа өскен шашты көріп, таңғалды. Мұндайды бірінші рет көруі екен. Дереу балалар ауруханасына жеткіздік. Сөйтсек, шаш тамақа ғана емес, қызымның тістерінің арасына да өсіпті. Лор-дәрігер бұл «аурудың» не екенін білмеді. Кеңесе келіп тамаққа өскен шаштарды жұлып алып тастауға шешім абылдады, — дейді Ақмарал.

Операцияны наркозсыз, ауыртпайтын дәрі екпей-ақ жасапты. Дәрігерлердің айтуынша,  шашты жұлу қиынға түспеген. Қыз да ауырсынбаған, қиналмаған. Ал шаштың ұзындығы  2 сантиметр болған.

Қазір қыз тексеруден өтіп жатыр. Диагноз қойып, лайықты ем қолдану үшін дәрігерлер сұраған барлық анализдерін өткізуде. Әзірге бұл «ауруды» астаналық дәрігерлер  жеткіншектердің жасалмасу кезіндегі гормональдық өзгерісінен болған құбылыс шығар деп отыр. Соған қарамстан қыздың өткізген анализдерінің бәрі талапқа сай екен.

Операциядан кейін бірнеше апта өтті. Бірақ шаш қайта шақпапты. Хат алмасып, сұрстырса АҚШ, Қытай, Ресей сияқты шетелдердің дәрігерлері де бұл «аурудың» диагнозын білмей отыр екен. Алғаш рет естідік депті.

Суретті қыздың анасы Ақмарал Шалабаева ұсынған.

Tengrinews. Надежда Лыкова.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.