«Тараз» ӘКК» АҚ жобаларға мониторинг жасауға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күнде несиелерді (кредиттер) уақтылы қайтару бойынша көрсеткіш 99,6 пайызды құрап отыр.
Корпорация берілген несиелердің нәтижесін біліп отыру мақсатында бизнес-жобаларға мониторинг жүргізуді тұрақты түрде жолға қойған.
Мысалы, 2024 жылдың басынан бері қарызды мақсатты пайдалану бойынша 1 323 құжат қабылданды. Осыған орай «бұл несилер қалай іске асырылып жатыр?» деген сұрақ тууы заңды. Осы тұрғыда корпорация қарыздың мақсатты пайдалануы бойынша жеке кәсіпкерлердің шаруашылықтарының басына барып, несие қаражатының мақсатты пайдалануы бойынша мониторинг жүргізді.
Ерекше жағдайларды (особые условия) түзеу бойынша 142 өтініш түсіп, оның 136 жобасы түзетілді.
Ал несиені уақтылы қайтару мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4 335 қарыз алушының несиесі кестеге сәйкес төленді.