Кәсіпқой бокс мықтылары Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол бұған дейін өткен жылы Сауд Арабиясының рингінде кездескен. Сол кезде Бивол жақсы қорғанып, сәтті соққылар берсе де төрешілер жеңісті Бетербиевке берген. Әлемге белгілі кәсіпқой боксшылар да, бапкерлер де, бокс сарапшылары да жеңіс Биволға берілуі керек еді деп пікір білдірді. Қарымта мәселесі сол кезден бастап көтерілген.
Міне, сол уақыт та келіп жетті. Бүгін 22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні тағы да Суд Арабиясында, Эр-Ряд қаласындағы Kingdom Arena спорт кешенінде Артур мен Дмитрийдің қарымта жекпе-жегі болады.
Жанкүйерлер көңілінде «кім жеңеді?» деген суал. Көбісі Диманың жеңгенін қалайтындарын білдіріп жатыр. Ресейліктер болса, Артурды жеңімпаз ретінде көргісі келелі.
Бірақ бұл сауалға жауап беретін төрешілер. Өткен жылы жанкүйерлер «төрешілер сатылды» деп ұйғарған.
Бұл жолы жекпе-жекті ұйымдастырушылар осы шетін мәселенің алдын алып, төрешілердің құлқынын миллиондаған доллармен жауып қоймаса, тағы да жүйкеге салмақ түсері анық.
Сонымен бокс кешіндегі рингке Артур мен Дмитрийден басқа кімдер шығады? Олар:
Мартин Баколе — Джозеф Паркер
Шакур Стивенсон — Джош Пэдли
Карлос Адамес — Хамза Шираз
Верджил Ортис — Исраил Мадримов
Чжан Чжилей — Агит Кабайел
Джошуа Буатси — Каллум Смит