Лос-Анджелесте Американың кинематографиялық өнер және ғылым академиясының «Оскар» сыйлығы 97 рет тапсырылды.
Халықаралық үздік анимациялық фильм – «Тасқын (Поток). Жердегі соңғы мысық (Последний кот на земле»).
Қысқаметражды үздік анимациялық фильм – «Кипарстің көлеңкесінже» («В тени Кипариса»).
Кәстөмдердің үздік дизайны – «Wicked: «Сиқыршы әйел» («Wicked: Чародейка»).
Үздік сценарий – «Анора».
Үздік сценарий-адаптация – «Конклав».
Ең жақсы фильм: «Анора»
Ең жақсы актер: Эдриан Броуди («Бруталист»)
Ең жақсы актриса: Майки Мэдисон («Анора»)
Ең жақсы режиссер: Шон Бэйкер («Анора»)
Екінші пландағы ең жақсы актриса: Зои Салдана («Эмилия Перес»)
Ең жақсы шетелдік фильм: «Мен әлі осы жердемін». («Я все еще здесь»).
Ең жақсы оператор: Лол Кроули («Бруталист»)
Ең жақсы визуальдық әсерлер: «Дюна: Екінші бөлім». («Дюна: Часть вторая»)
Ең жақсы монтаждау: «Анора»
Ең жақсы дыбыстау: «Дюна: Екінші бөлім». «Дюна: Часть вторая»
Ең жақсы саундтрек: Дэниел Блумберг («Бруталист»)
Ең жақсы қысқаметражды ойын фильмі: «Мен робот емеспін». («Я не робот»).
Ең жақсы қысқамтеражды деректі фильм: «Оркестрдегі жалғыз қыз». («Единственная девушка в оркестре») Молли О’Брайэн
Ең жақсы суретші-қоюшының жұмысы: «Злая: Сказка о ведьме Запада»
Ең жақсы кәстөмдер: «Өте ашулы: Батыстың албастысы туралы ертегі». «Злая: Сказка о ведьме Запада»
Ең жақсы грим мен шаш үлгілері: «Субстанция»
Ең жақсы ән: El Mal («Эмилия Перес»).
Ал «Қазақфильмнің» басынан дау, іші сыртынан «жау» арылмай келеді. Қай мықты басшы болып барса да көрген күні дау. Ондай жерде жақсы кино түсіру мүмкін бе? Әй, қайдам? Анимациялық фильм түсірушілер де «аңырап» жүр? Көркем фильм түсірушілер де «көңілсіз». Салы суға кеткен. Басшысы да тұрақтамайды. Олигархтар мен делдалдардың көзі жақсы жерге орналасқан «Қазақфильмде». Қашан өңешімізден өткіземіз деп сілекейлері шұбырып отыр.
Амал жоқ тағы да баяғы Шәкен Аймановтардың заманын аңсайсың. Абдолла Қарсақбаевтардың киносын көксейсің. Сөйтіп жылдар өтіп жатыр. Тәуелсіздік алғалы бергі отыз жылдан астам уақытта «Оскарға» лайық он кино тұрмақ, бір фильм түсіре алмай келеміз. Ал мемлекеттің киноға деп бөлетін қыруар қаржысы болса, телегей теңіз боп ағып жатыр. Содан бергі бөлінген ақшаны есептесе «Оскарды» он орап алатын бәленбай фильм түсіруге болатын еді. Бірақ қаржы — «ханталапай», режиссер — «өзіне емес», өзгеге ренішті. Қазақтың жанын, бүгінгі қарапайым қазақтың әлемдік аңсарын түсінбейтіндер «Қазақфильмде» жүретін болды тайраңдап.
Иә, жүр әйтеуір бәрі…