Мемлекет басшысының табиғи газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін «QazaqGaz» ҰК» АҚ 2024 жылғы қараша айынан бері облыстағы Малдыбай структурасында көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшартқа қол қойды. Алдағы уақытта жер қойнауын игеру келісімшартына сәйкес Малдыбай структурасында 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, екі барлау ұңғыларын бұрғылау және КСРО дәуірінде бұрғыланған екі ұңғыны қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.
Аталған жұмыстарды «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы – «QazaqGaz» барлау және өндіру» ЖШС-ы бұрын бұрғыланған ұңғымаларды қалпына келтіруді және игеруді, сондай-ақ жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылауды қамтитын барлау жұмыстарының жобасын әзірледі. Биыл ұлттық компанияда геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы болып жарияланды.
Бірақ, біз Малдыбай учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жеделдетіп, алғашқы нәтижелерін 2024 жылы көрсете бастадық. Барлау жұмыстарының нәтиже сінде №4Г жойылған ұңғыма қалпына келтірілді. Ол төменгі карбонның төменгі визалық көкжиегінің өнімділігін растады.
Бұдан әрі тағы екі барлау ұңғысын сейсмикалық зерттеу және бұрғылау жүргізіледі. Бұл іс-шаралар Малдыбай учаскесін игерудің бастамасы болып табылады. Биыл өндірісті қарқындату үшін қабатты гидравликалық жару (ГРП) әдісі іс-шараларын қолданып, кейін ұңғыманы сынау жоспарлануда. Сондай-ақ, бұрын жойылған тағы бір ұңғыманы қалпына келтіру жоспарланған.
Еліміздің Энергетика министрлігінің жол картасы бойынша, Барханды кен орнын биыл іске қосу үшін 30 шақырым газ құбырымен газ жинау және дайындау қондырғысын құруға мердігер мекемемен келісімшарт жасалды.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында Барханды кен орнын іске қосу жоспарланған. Биыл бұрғылау жұмыстары кең көлемде жүргізіледі. Оның ішінде Анабай кен орнында төрт ұңғы, Айрақты кен орнында үш ұңғы, Амангелді кен орнында үш ұңғы, Барханды кен орнында бір ұңғы бұрғылау жоспарланып отыр.
Қазір 4 кен орны, яғни Амангелді, Жарқұм, Айрақты және Анабай кен орындары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жаңа кен орындарын іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту бойынша жол картасы келісілген. Сондай-ақ, Түркістан облысының Бетпақдала ойпатындағы 2027 жылы іске қосылатын «Придорожное» жобасы, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі.
Юлдашбай ДӘРІБАЕВ,
Қазақ ұлттық «Су шаруашылығы және ирригация» университеті, Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.