Алматы қаласындағы әуежайда қазақстандық нәрсетелерді әкетпек болған қытай азаматтары ұсталды.
Нақты айтсақ, Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелермен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ әуежайда олардың Қазақстаннан ұшып кетуіне рұқсат берілмеген.
Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап отыр.
-Аталған факті бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қытайлық азаматтар тергеліп жатыр, – деп хабарлапты Полиция департаментінен.

