Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің інісі Шайырбек Тәшиевті тегеуге шақырып, жауап алыпты.
Білетіндердің айтуынша, ҰҚМК басшысының туған бауыры бүгін аталған елдің бас тергеу басқармасында жауап берген.
-Ішкі істер министрлігі депутатқа қатысты болған тергеу шаралар туралы пікір айтпады. Оның қандай қылмыстық іс бойынша тергелгені де белгісіз. Куәгер ме, күдікті ме — о жағы да жұмбақ, — дейді Қамшыбек Тәшиевтің інісінің тергуге шұғыл шақырылғанынан хабары бар адамдар.
Олар Шайырбек Ташиевтің депутаттық мандатынан бас тартуы мүмкін екенін болжап отыр. Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында осы мәселе қаралуы да мүмкін.

