ҚР Бас прокуратурасы қоғам белсенді Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Санжар Боқаев Алматы қаласының аумағында ұсталған.
-Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді, – делінген ақпаратта.
Тергеу деректеріне сәйкес, Боқаев қылмысты ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.
Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Бас прокуратура өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлады.

