5 рет оқылды

 

«Тараз» ӘКК» АҚ» өзінің жұмысын жан жақты іздену арқылы өркендетіп отыр.

Мысалы, агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруда «Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тарату» бағдарламасын қолға алды. Айталық, 2025 жылы «СҚО тәжірибесін тарату» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 9,3 млрд теңге бөлініп, көкөніс қоймаларын салуға — 4 жоба; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге — 4 жоба; қой шаруашылығы фермасын құруға — 1 жоба; балық шаруашылығын ұйымдастыруға — 1 жоба; құс шаруашылығында асыл тұқымды құстарды өсіруге — 1 жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында бір көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.

Аталған жобалардың арасында ерекше атап өтетін жобалар бойынша бірінші, жылдық қуаттылығы 10 млн жұмыртқа шығаратын заманауи құс шаруашылығында асыл тұқымды құстарды өсіру кешені жобасын айтуға болады. Бұл жоба осы саладағы генетикалық потенциалды нығайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және ішкі нарықты жоғары сапалы отандық инкубациялық материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.         Жобаның аяқталу мерзімі 2026 жылдың 30 желтоқсанына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, екіншіайрықша жоба, ол  — 10 000 бас малға арналған заманауи қой фермасын құру жобасы. Бұл жоба мал шаруашылығы саласын дамытуға, сапалы ет пен жүн өндіруді арттыруға, сондай-ақ ішкі нарықты жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.                                                                   Жобаның іске асырылу мерзімі – 2026 жылғы 30 желтоқсан. 2026 жылға аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінуі жоспарлануда. Бүгінгі күнге осы қаражатты игеру үшін қажетті өтінімдер жинағы қалыптастырылды.

  • жылғы қаражат есебінен «СҚО тәжірибесін тарату» бағдарламасы аясында 2025 жылы 8 жоба іске қосылып, оның ішінде: көкөніс қоймаларын салу бойынша — 4 жоба; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша — 2 жоба; тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша — 1 жоба; сүт фермаларын салу бойынша — 1 жоба, бүгінгі күні тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

 

Облысымызда агроөнеркәсіптік кешен жобаларын іске асыру нәтижесінде сүт өндірісі жылына 12 мың тоннаға артып, сүт өнімдері импортын алмастыруға ықпал етеді; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау көлемі 86 мың тоннаға артып, отандық өнімді маусымаралық кезеңде сақтау және сату арқылы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді; өңдеу көлемінің 16 мың тоннаға артуы қалдық өнімдер мен артық шикізатты тиімді пайдалануға, жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді. Суармалы жерлердің ауданы 690 гектарға ұлғайып, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыруға оң әсер етеді.

Қазіргі таңда өңірде осы бағдарлама аясында 183 тұрақты жұмыс орны құрылған.

 

«Тараз» ӘКК» АҚ»

баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру