Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде дамуы оның ішкі тұрақтылығы мен халық арасындағы бірлігіне тығыз байланысты. Елдің стратегиялық мақсаттарына жету жолында әділдік, ынтымақ, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар маңызды рөл атқарады. Осы құндылықтар елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының негізін құрайды.
Әділдік пен ынтымақ
Әділдік – кез келген қоғамның маңызды қағидаты. Қазақстанда әділдік принциптері құқықтық жүйеде, саяси шешімдерде, және күнделікті өмірде орындалуы тиіс. Әділдік азаматтардың құқықтарын қорғау, әркімге тең мүмкіндіктер беру және әлеуметтік әділеттілік орнату арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік әділдік ұлттың бірлігін нығайтады, себебі ол қоғамдағы алшақтықты азайтып, әр азаматқа құрмет пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Кейінгі кезде қоғам кез келген әділетсіз шешімнің, не, билік, не қоғам өкілдерінің әділетсіз әрекеті қоғамға шырпы сияқты әсер етуі мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Себебі, біз Жаңа Қазақстанды «Әділетті Қазақстан» деп жарияладық. Енді, осы ұстанымдағы халық та кез келген әділетсіздікке төзімсіз болатындығын ашық көрсетуде. Бұл – шынайы демократиялық қоғамға бет бұрудың бір көрінісі.
Сенім мен жауапкершілік
Сенім – қоғамның дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі элементі. Азаматтар өз мемлекетіне, үкіметіне, және бір-біріне сенім артуы қажет. Сенімсіз қоғамда әлеуметтік кернеу, наразылықтар және қақтығыстар туындауы мүмкін. Қазақстандағы сенім мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғап, әділдікті қамтамасыз еткен кезде, халықтың оған деген сенімі артады. Жалпы, Үкіметтің өз Халқына сенім артпауына еш негіз жоқ. Өйткені, оның атқаратын қызметінің мақсаты да Халық. Ал, керісінше, Халықтың өз Үкіметіне сенімін білдірмеуі – ол демократиляқ бағыттағы қалыпты жағдай. Керісінше, үкіметтің оған «өкпелеуге» еш қақысы жоқ – оған бейбіт жолмен қызметінен кете салу ғана керек.
Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығы, әділдік пен ынтымақ, сенім мен жауапкершілік – елдің тұрақты дамуы мен гүлденуінің басты тіректері. Бұл құндылықтар елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, қоғамның әл-ауқатын жақсартады. Қазақстанның болашағы осы құндылықтарды сақтау мен нығайтуға тікелей байланысты. Әрбір азамат осы құндылықтарды қолдап, олардың дамуына өз үлесін қосуы тиіс.

