Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын А. деген қойшы 700 қойымен бірге құмды өңірде адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына аттанған полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде адасып жүрген қойшы да, оның малдары да аман-есен табылды.
Қойшының айтуынша, ол қалың тұманда өзінің үйреншікті бағытынан адасқан.
-Түнде қатып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әбден әлсіреп қалдым. Мені тауып алған полиция қызметкерлері жағдайымның мүшкіл екенін көріп, бірден жылы жерге апарып, айран мен нан берді. Полиция қызметкерлеріне деген алғысым шексіз», — дейді жаны аман қалған қойшы.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға ауа райының қолайсыз кезінде алыс мал жайылымына жалғыз шықпауға, жақындарымен әрдайым байланыста болуға кеңес береді.

