«Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып отыр. Бізге 1 сәуірден бастап көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге дейін жабылуға мәжбүр боп отыр. Мен, әрине, қатты өкінем, бірақ ақиқат солай, — деп мәлімдепті еліміздегі кинотеатрлар жүйесінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.
Әлемдік киноиндустриядағы Голливудтың бәсін жоққа шығара алмаймыз. «Кассаны» толтыратын да солар. Оған қазір Оңтүстік Корея киноиндустриясы қосылды. Жапония кинематографиясы да мықты. Ираның да шеккі емес.
Ау, өзіміздің қазақтардың фильмдері ше? «Бәлен деген елдегі түген деген конкурстан жүлделі оралды» деп құлағымызды шулатып жататын фильмдеріміз қайда?
Неге көрсетпейді соларды, Алмаз мырза? Әлде «ауылдағының аузы сасық» дегендей, қазақ фильмдерін менсінбейсіз бе? Кинотеатрлардың есігіне құлып сап тастағанша, қайта осындай сәтті пайдаланып өз кинематографиямыздың туындыларын насихаттауға ат салсыпайсыз ба?
Қазақ киноларына (аттарын айтпай-ақ қояйын) бөлінген қыруар қаржының өтеуін кім сұрайды? Кімнен сұраймыз?