Европа мен АҚШ және Жапония, Қытай, Оңтсүтік Корея сияқты шығыс елдерінде бұл мәселе қалай реттеліпті? Отанын сатқан опасыздардың көбісі биліктегі ең үлкен лауазымды шенуніктерден шығып жатқанда, бұл еркінді тым қауіпті емес пе? Олардың шет елге не әкетіп жатқанын, не әкеле жатқанын тексеріп, біліп керек емес пе қайта.
Ал біздегі бүгінгі жаңалықтың бірі
«Қазақстанның әуежайлары, әуеайлақтары, теміржол вокзалдары, автовокзалдары, Ақтау теңіз сауда порты, Алматы метрополитенінде шенеуніктерге енді тексеру жүргізілмейді» дейді. Бұндай бұйрыққа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қол қойды.
Тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі:
1. Президент; 2. Премьер-министр; 3. Сенат төрағасы; 4. Мәжіліс төрағасы; 5. Мемлекеттік хатшы; 6. Президенті әкімшілігінің басшысы; 7. Конституциялық кеңес төрағасы; 8. Жоғарғы сот төрағасы; 9. Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы; 10. Ұлттық банк төрағасы; 11. Премьер-министр орынбасары; 12. Президент көмекшісі — қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; 13. Бас прокурор; 14. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы; 15. Президент іс басқарушысы; 16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы; 17. Министрлер; 18. Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері; 19. Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттер консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.
Президенттен басқасын тексеріп өткізу керек сияқты.